Шығыс Қазақстанның экологиялық мониторинг картасы
Глубочанка өзенінде жоғары ластану байқалады. Марганец көрсеткіші жоғарыда. Риддер қаласындағы Брекса, Үлбі өзендерінің құрамы жылдың әр мезгіліне қарай өзгеріп отырады. Өзгеріп тұруының себебі бұл өзендер өндіріс көп шоғырланған аудандар мен қалалардың іргесінен ағады. 40-50 жыл бойы тау болып үйіліп қалған қалдықтар көктемде қарғын сумен өзен-көлдерге құйылады.

Шығыс Қазақстан облысы Өткізілген ағынды сулар,
барлығы: 72716,3
Тазалау жабдықтары арқылы өткізілген ағынды сулар:
71180,8
Ағынды сулардың жалпы өткізудегі тазаланған ағындардың үлесі, %-бен: 97,9
«Статистика соңғы 5 жылда ауаға тасталатын лас түтіннің азайғанын көрсеткенімен, мониторинг атмосфера сапасының нашарлағанын дәлелдеп отыр. Мысалы, 2017 жылы ластану индексі 2016 жылмен салыстырғанда 1,6 есе артқан. Тіркелген өндірістік түтіннің 70 пайызы «Қазцинк» ЖШС мен «АЭС УК ТЭЦ» ЖШС-ның үлесіне келеді» - делінген ресми ақпаратта.

Ал «Қазгидромет» мекемесі былтыр Өскемен бойынша ауа ластануының 435 қауіпті оқиғасын тіркеп, экология департаментіне хабарлаған. Алайда, департамент ластау көздерін анықтай алмаған. Сәйкесінше, ешбір тұлға жауапқа тартылмаған және экологиялық ахуалдың әрі қарай жақсаруына қандай да бір ықпал болмаған.

Шығыс Қазақстан облысының жер қоры 28 346,8 мың га немесе Қазақстан Республикасы аумағының 10,4%-ын құрайды, оның ішінде: – ауыл шаруашылығына арналған жерлер – 10 557,5 мың га (облыстың жер қорының 37,2%-ы);- елді мекендер жерлері – 2946,8 мың га (10,4%);- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығына белгіленбеген жерлер – 187,2 мың га (0,7%);- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, қалпына келтіру және тарихи-мәдени белгіленген жерлер – 1493,9 мың га (5,4%);- орман қорының жерлері – 2152,5 мың га (7,6%);- су қорының жерлері – 571,2 мың га (2,0%);- жер қорлары – 10389,5 мың га (36,7%).2013 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде ауыл шаруашылық жерлерінің ауданын 283,5 мың гектарға ұлғайту байқалады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру, қалпына келтіру және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің 0,8 мың га жерлері Бұлақ СЭС құрылысын салу үшін жерді резервтік жерлерге ауыстыру есебінен қысқартылды.Орман қорының ауданы осы кезеңде орманға және жерге қоныстандыру жұмыстарын жүргізу барысында аудандарды нақты есебінен 8,7 мың га ұлғайды.
Зерттелу үстінде, құзыретті мекемелермен келіссөздер жүргізілуде